Қазақстан халқының 8 пайызы моноқалалардың тұрғыны

Қазақстан халқының 8 пайызы моноқалалардың тұрғыны
Сурет: Akorda.kz

Бұл Екібастұз қаласындағы Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысқан мемлекет басшысының сөзі.

Мемлекет басшысының қатысуымен Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барғанын хабарлағанбыз.

«Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», -деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, еліміздегі моноқалаларда 1 миллион 400 мың адам тұрады екен.

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі  немесе 30 пайызы – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.