Қазақстан фильмі Қазан кинофестивалінде үздік атанды

Қазақстан фильмі Қазан кинофестивалінде үздік атанды
Cурет: Kaz.tengrinews.kz

Татарстанда өткен  форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.

Режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі ХVII Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды. Картина үздік толықметражды ойын фильмі атанды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, картина операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды (Александр Плотников).
Еске салайық, «18 килогерц» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.

«18 килогерц» фильмі - 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.
Одан бөлек, «18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің «Азия киносына терезе» атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.
Енді алдағы күндері Алматыда фильмнің ақтық түсірілімі өтеді.
XVII Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.