Қазақстан эпидахуалының матрицасы

Қазақстан эпидахуалының матрицасы
Сурет: Ustinka.kz

Елімізде екпе салдырғандар саны артып келеді, білім ордалары оффлайн форматта жұмысын бастады.

2021 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

 «Сары аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы тұр.