Қазақстан Данияға қарсы ойнайды

Қазақстан Данияға қарсы ойнайды
Сурет: Іnbusiness.kz

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан Даниямен кездеседі

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, хоккейден Данияның Херсхольм қаласында өтіп жатқан ІА дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы үшінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін түнде өтетін кездесуде Қазақстан мен айдын иелері - Дания командасы өзара мықтыны анықтайды. 

Қазақстандықтар бүгінге дейін екі ойын өткізді. Біздің отандастарымыз бірінші ойында Венгрияны ұтса, екінші матчта Норвегияға жол берді. 

Дания құрамасы Латвия және Беларусь командаларынан ұтылған.