Қазақстан тағы бір қытай вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр

Қазақстан тағы бір қытай вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр
almaty-akshamy.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан тағы бір қытай вакцинасын сатып алу үшін  келісім жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазір Қытайда шығарылған жаңа вакцинамен келісім жүргізіп жатырмыз. ДДСҰ бұл екпені тіркеуді қарастыруда. Сондықтан біз үшін вакцинаны тез арада ел ішінде жеткізу  маңызды. Қазір келісімшарттарға қол қою сатысындамыз. Бәрі аяқталғанда мәлімдейміз», - деді министр.