Қазақстан боксшысы Ресей чемпионын жеңді

Қазақстан боксшысы Ресей чемпионын жеңді
сурет: Aikyn.kz

Ел құрамасында үш алтын.

Қазақстандық боксшы Абзал Құттыбеков Мәскеуде әскери қызметкерлер арасында бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей чемпионы Иван Сагайдак 91 келіге дейінгі салмақтағы алтын үшін жекпе-жекте Құттыбековке қарсылас болды. Бұл жекпе-жек төрешілердің шешімімен Құттыбековтің жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Абзал Құттыбеков турнирдегі Қазақстан құрамасының үшінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (49 келі) пен Тимур Нұрсейітов (75 келі) те чемпион атанды. Дамир Әбдіқадір (52 келі) салмағында «күміс» алды.