«Қазақстан аруы – 2021» байқауында алғаш рет үш жеңімпаз болды

«Қазақстан аруы – 2021» байқауында алғаш рет үш жеңімпаз болды
Сурет: 24.kz

Бұл байқаудың тарихында бірінші рет болып тұр.

«Қазақстан аруы – 2021» байқауының тарихында алғаш рет үш жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан аруы» атағын иеленген қыздардың әрқайсысы Қазақстанды ірі халықаралық байқауларда таныстырмақ.

«Әлем аруы» байқауында Қазақстан атынан ақтөбелік 23 жастағы Назерке Карманова шығады. Ол Ақтөбедегі Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Қазір Алматыдағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді. Бойжеткен бос уақытында садақ атумен айналысады, видеоға, суретке түсіргенді ұнатады.

Байқаудың тағы бір жеңімпазы 21 жастағы Айдана Ахатаева болды. Ол – «Астана аруы – 2021» иегері. Айдана «Әлем аруы» байқауында Қазақстан атынан шығады. 21 жастағы бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, қазір елордада музыкалық студиялардың бірінде фортепианодан сабақ береді. Бос уақытында классикалық музыка тыңдап, шет тілдерін үйренгенді ұнатады.

Үшінші жеңімпаз 20 жастағы қарағандылық Анна Глубоковская болды. Ол Қазақстанды «Жер аруы» байқауында таныстырады. Анна Алматыда дыбыс жабдығымен айналысатын компанияда жұмыс істейді. Музыкамен әуестенеді, шетел әдебиетін оқығанды ұнатады. Бала кезінен орыс тілінен олимпиадаларға қатысқан жеңімпаз. Сонымен қатар, Анна болашақта бет әрлеуші мамандығын кәсіби түрде меңгеруді жоспарлайды.