Қазақстан 100 пайыз таза сумен қамтылады

Қазақстан 100 пайыз таза сумен қамтылады
Сурет: Otyrar.KZ

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды, almaty-akshamy.kz.

«Өткен жылдың қорытындысында ел халқының 94 пайызы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл 17 млн 700 мың адамды қамтиды. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау үшін шамамен 1 млн 300 мың азаматымыз тұрып жатқан 1 922 ауылдық елді мекенге орталықтандырылған сумен жабдықтау және су тазарту жүйелері салынатын болады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар вице-премьер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы қалалар мен ауылдарды дамыту тапсырмасын орындау үшін Үкімет қандай жұмыстар атқаратындығына тоқталды.