Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан қаламгерлер шығармашылығы насихатталды

Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан қаламгерлер шығармашылығы насихатталды
Сурет: Egemen.kz

«Рухты қалам қай­раткерлері» әдеби көрмесі өтті

Ұлттық музейде Тә­уелсіздігіміздің 30 жыл­­дығы мен аса көр­некті ақын Мұ­қағали Мақатаевтың 90 жылдығын мерекелеу аясында қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан айтулы қаламгерлер мен ғалымдардың шығармашылығын насихаттауға ар­нал­ған «Рухты қалам қай­раткерлері» деген бір­неше бөлім­нен тұ­ра­тын маз­мұнды іс-ша­ра ұйымдас­ты­рыл­ды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алдымен мәдени жиын «Поэзия алыбы – Мұқағали Мақатаев» атты дөңгелек үстел мәжілісімен басталып, ақиық ақынды көзі көрген көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мыр­затай Жолдасбеков, жазушы, қоғам қайраткері Ал­тын­шаш Жағанова, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Сәбит Досанов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың Ақ­ұштап Бақтыгереева, бел­гілі сатирик Көпен Әмірбек қызықты естеліктер айтса, ақын, Парламент Мә­жілісінің депутаты Қазыбек Иса, Қазақстан Жазушылар ода­ғының Нұр-Сұлтан қа­ласындағы филиалының дирек­торы, ақын Дәулеткерей Кәп­ұлы және тағы басқалар көрнекті тұлғаның шығар­машылығына тоқталып, тол­ғамды ойларымен бөлісті.

Одан кейін іс-шаралар легі «Рухты қалам қайраткерлері» атты әдеби көрменің таныс­тырылымына ұласып, онда Мұқағали Мақатаевқа ар­налған кітап инсталляция­ла­ры мен ақын өмірінен сыр шертетін моноспектакль көр­сетілді.

 Сонымен бірге аталған көрмеге ұлы Абай атамыздан бастап, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жол­дасбеков, Шерхан Мұртаза, Хамит Ерғалиев, Тұрсынбек Кәкішев, Дүкенбай Досжан, Қадыр Мырза Әлі, Оралхан Бөкей, Нұрғожа Ораз, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Ақұш­тап Бақтыгереева, Хан­бибі Есенқарақызы, Әлі­бек Асқаров және т.б. ақын-жа­­зушылардың тұтын­ған тұрмыстық заттары, қол­­жаз­балары, фотосу­рет­тері мен кітаптары қойы­лып, келу­шілердің қызығу­шы­лы­ғын туғызды.