Қазақ файтері UFC-де сенсация жасады

Қазақ файтері UFC-де сенсация жасады
Cурет: Inform.kz

Спортшының UFC-дегі алғашқы жеңісі

Қытайда тұратын қазақ файтері Сайран Нұрданбек (19-4) UFC-дегі екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz-тің мәліметінше, ол Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 198 турнирінде америкалық Шон Сорианомен (14-7) жекпе-жекке шықты. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Нұрданбектің жеңісімен аяқталды. Сайран Нұрданбек бұл жекпе-жекте андердог саналғанын айта кетейік.

Осылайша, Сайран Нұрданбек MMA-дегі кәсіби мансабында жиырмасыншы рет жеңісіне жетті, ал Шон Сориано осымен сегізінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, қазақ файтері үшін бұл UFC-дегі алғашқы жеңісі. Ол промоуншында бірінші рет мамырда өнер көрсеткен, алайда төрешілердің бірауыз шешімімен аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңіліп қалды.

Ultimate Fighting Championship – АҚШ-та, Лас-Вегаста орналасқан америкалық спорт ұйымы. Ол әлем бойынша аралас жекпе-жектер өткізіп отырады.