«Қазақ елінің жаңа дәуірі»

«Қазақ елінің жаңа дәуірі»
almaty-akshamy.kz

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ Елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Айтулы шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Сенаты мен Мәжіліс депу­таттары, Алматы қаласы әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшы ғалымдар мен сарапшылар, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.

Конференцияның ашылуында ҚР Парла­менті Сенатының төрағасы Мәулен Әшім­баевтың Құттықтау хатын ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақ­тиярұлы оқыды. Хатта: «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты іс-шаралар ха­лыққа рухани серпіліс әкелуі қажет. Бұл та­рихи датаның мәні мен маңызын халыққа түсіндіру, ашып көрсету өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақ Елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практика­лық конференцияның берері мол», – делін­ген. Қуғын-сүргінге толы нәубетті жылдар­дың, ашаршылықтың ауыр зардаптары туралы айтқан спикер, тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде бұл бағытта ауқымды жұмыс­тар жүргізілгенін тілге тиек етті.

«Өткен ға­сырдың алғашқы жартысында қазақ халқы­ның басынан аса ауыр нәубет жылдар өткені тарихи шындық. Деректерде көрсетілуінше, екі реткі аштықта халқымыздың тең жарты­сынан астамы құрбан болды. Тарихшылары­мыз ашаршылыққа ұшырамасақ, осы күнде 40–50 миллион болар едік деген болжам жа­сайды. Осыдан-ақ қызыл империяның қолы­мен жасалған ашаршылықтың қаншалық ауыр болғанын аңғаруға болады», – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұл­дыз Сүлейменова онлайн қосылып, «Тәуелсіздік тұғырын нығайтуда ҚазҰУ-дың үлесі зор. Отандық ғылым, білім саласының білікті кадрлары егемен еліміздің кемел келе­шегін қалыптастыруға елеулі үлес қосып ке­леді», – деді. Жиынға қатысушылар Қазақс­танның әлемдік қауымдастықтағы алатын орны мен маңызын, сыртқы саяси қатынаста­рының қалыптасу үдерісі туралы келелі ой­ларын ортаға салды.

«Тәуелсіздік – бұл біздің халқымыздың ең басты құндылығы және ең маңызды бай­лығы. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығын­дай сақтау – Отанымыздың әрбір азаматы­ның аса маңызды міндеті әрі қасиетті борышы. Бүгінгі білім беру саласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің алар орны ерекше. Білімнің қара ша­ңырағы QS жаһандық рейтингте 165-орында тұрса, ұлттық рейтингтерде көш басында келеді. Білім мен ғылымды ұштастырып отырған оқу ордасы алдағы уақытта да сапа­лы білім мен тәрбие беру бағытындағы ма­ңызды да мазмұнды жобаларын жүзеге асыра береді деген сенімдемін», – деді Алматы қа­ласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұма­ров.

Конференция соңында Қазақстанның әлемдегі орны мен рөлінің халықаралық деңгейде зерттелуіне жаңа серпін берілетіні белгілі болды.