Қазақ елінде жасалған электровоздар шетелге экспортталмақ

Қазақ елінде жасалған электровоздар шетелге экспортталмақ
Сурет: Flickr.com

Нарықта ел үлесінің бәсі артуда

Қазақстандық электровоздар экспортқа шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық электровоздарды сыртқы нарықтарға жеткізу ісі ілгерілейді.

Еліміздің Сауда және интеграция министрлігі мен әлемдегі ең ірі машина жасау компаниясы «Alstom» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат аясында екіжақты ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде отандық құрастыру техникасын шетелге шығару, сондай-ақ жергілікті әлеуетті арттыру жоспарлануда. Шығарылатын электровоздардағы жергілікті қамту үлесі бүгінде 40% құрайды, оны жақын арада 60% дейін жеткізу көзделген.

«Отандық материалдың үлесін арттырудан техниканың құны арзандап, бәсекелестікке қабілеттілігі артуы тиіс. Аралас өндіріс дамып, 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі еселеу туралы мақсатымызға жетуге көмектесетін болады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.