Қазақ боксшысы Қайрат Ералиев жеңіске жетті

Қазақ боксшысы Қайрат Ералиев жеңіске жетті
Сурет: Рrosports.kz

Боксшымыз топ жарды.

Еліміздің Қарағанды қаласында кәсіпқой бокстың кеші өтті. Ересектер арасында 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев про-рингтегі дебютті жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Шаршы алаңда Қайрат өзбекстандық Бахит Абдурахимовпен (10-14, 4 КО) кездесті. Жеңіл салмақтағы төрт раундтық жекпе-жекте жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, Қарағандыда өткен бокс кешінде әуесқойлар арасындағы қазақстандық әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов та алғашқы кездесуін өткізді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе -жекте ол Өзбекстан өкілі Турсынбой Абдуллакимовты (13-8) техникалық нокаутпен ұтты.