Қазақ боксшысы Азия чемпионатында айрықша сыйлықты иеленді

Қазақ боксшысы Азия чемпионатында айрықша сыйлықты иеленді
Сурет: Оlympic.kz

Айрықша сыйлық!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, отандық спортшы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының ең техникалық боксшысы атағына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы медаль кестесінде жалпы жүлде саны бойынша көш бастады. 

Техникасы мықты спортшы ретінде арнайы сыйлық қазақ боксшысы Елнұр Сүйімбайға табыс етілді.

 

Сондай-ақ ол 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.