Қазақ балуаны Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында жартылай финалға өтті

Қазақ балуаны Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында жартылай финалға өтті
Cурет: Olympic.kz

Күрестен спортшы қызымыздың аяқ алысы жаман емес

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ослода (Норвегия) күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында 72 келіде сынға түскен ол ширек финалда Франция спортшысынан басым түсті. Отандасымыз белдесуде 10:2 есебімен жеңіліп жатып, белдесу соңына қарай жеңісті қарсыласынан жұлып алды. 

Айта кетерлігі, 57 келіде Нилуфар Раимова мен 59 келі салмақ дәрежесіндегі Диана Каюмова 1/8 финалда қарсылаcтарына есе жiбердi.