ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА АШЫҚ КУБОГІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА АШЫҚ КУБОГІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
сурет: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Ресейде  өтіп жатқан Еуропа ашық кубогінде топ жарды, деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндері Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан Еуропа ашық кубогі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды. 
Ерлер арасында 60 келіде Бақыт Абдусамат пен 73 келіде Асқар Нарқұлов жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абиба Абужақынова мен 66 келіде Тоқтар Үмітәлиев күміске ие болды. 66 келіде белдескен отандасымыз Сұңғат Жұбатқан ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды.