«Қайрат» клубы алғаш рет еврокубоктың топтық кезеңіне өтті

«Қайрат» клубы алғаш рет еврокубоктың топтық кезеңіне өтті
Сурет: Pflk.kz

Алматылық «Қайрат» командасы өз алаңында сәтті ойын көрсетті

УЕФА Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде «Қайрат» командасы Люксембургтің «Фоласын» қабылдады. Өз алаңында өткен кезекті кездесуде жерлес аяқдопшыларымыз қарсыластардан 3:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бұл жолғы кездесу Алматыда өтті. Жерлес командадан көзге түскен Артур Шушеначев (ойынның 12-ші, 36-минуттарында) пен Вагнер Лав (28-минутында)гол авторлары атанды. 

«Қайрат» пен «Фоланың» алғашқы ойыны Люксембургте өтіп, онда да алматылық клуб 4:1 есебімен ұтқан болатын. Осылайша «Қайраттықтар» екі ойынның қорытындысы бойынша 7:2 есебімен басым түсіп, бірінші рет еврокубоктың топтық кезеңінде бақ сынайды.