«Қайрат» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

«Қайрат» Чемпиондар лигасында  жеңіске жетті
Сурет: Ticketon.kz

Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» сербиялық «Црвена Звездамен» ойнады.

21 шілдеде алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші туры аясында өз алаңында сербиялық «Црвена Звездамен» ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық  футболшылар сербиялық әріптестерін 2:1  есебімен жеңді.

«ЖЕҢІС! «Црвена Звездаға» қарсы алғашқы ойын біздің пайдамызға аяқталды!», деп хабарлады әлеуметтік желілерде жеңіске жеткен қазақстандық команда.


Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті.

Ал «Црвена Звезда» екінші іріктеу сатысына жолдама алған.
Сербиялық клуб 1945 жылдың 4 наурызында құрылған. Сербияның 8 мәрте чемпионы атанған. Сондай-ақ, 7 мәрте күміс, 1 мәрте қола жүлдегер атанды. Кейінгі төрт жылда қатарынан чемпион атағына қол жеткізіп келеді.