Қайрат Биекенов алдағы Қысқы Олимпиада туралы пікір білдірді

Қайрат Биекенов алдағы Қысқы Олимпиада туралы пікір білдірді
Сурет: Рrosports.kz

Қызу дода болмақ

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Биекенов спортшылардың олимпиадалық маусымдағы дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Команда толық құраммен жаттығуда. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Жаздан бері өз жоспарымызды жүзеге асыру үшін тырысып келеміз. Спортшылар халықараық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетуге күш салуда.

Құрама тәжірибелі спортшылардан бөлек, жас атлеттермен де толықты. Атап айтар болсақ, Сергей Кравцов,  Никита Девяткин, Святослав Назаренко және Ильшат Кадыров қатарға қосылды. Жоспар бойынша құрлықтық әлем кубоктерінде сынға түсеміз. Әлем кубогі кезеңдерінен дәрежесі төмен болғанына қарамастан, олимпиадалық лицензияға таласу үшін қажетті ұпай жинауға болады.

Әзірге екі жолдама алсақ деген жоспарымыз бар», - дейді Биекенов.