Қайрат Абдрасилов: 2 жылда 150 мың қала халқы таза сумен қамтамасыз етіледі

Қайрат Абдрасилов: 2 жылда 150 мың қала халқы таза сумен қамтамасыз етіледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сапалы, үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорында инженерлік желілердің инфрақұрылымын салу жұмыстары жалғасуда.

«Алматы Су» МКК бас директоры Абдрасилов Қайрат Айтайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Онда  «Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын! Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет», – деді Мемлекет басшысы.

«Алматы Су» кәсіпорны - қала халқын суық су мен кәріз желілерімен қамтамасыз ететін ірі стратегиялық мекеме. Сапалы, үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорында инженерлік  желілердің инфрақұрылымын салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда «Жаңа Алматы» жобасына ерекше мән берілуде. Қала әкімі шаһарымызға жаңадан қосылып отырған шағынаудандарды сумен және кәріз желілерімен қамтамасыз етуді қолға алды. Биыл 140 шақырым желі жүргізілді. 2021 жылы 12 шағынауданда жұмыстар аяқталып, 2 жылда шамамен 150 мың қала халқы орталықтандырылған су мен кәріз желілеріне қол жеткізбек.