Қатты ыстыққа байланысты ТЖМ кеңес береді

Қатты ыстыққа байланысты ТЖМ кеңес береді
Сурет: 360tv.ru

Аптап ыстықта керек кеңес

ТЖМ қатты ыстықта қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің бірқатар өңірлерінде таяу күндері қатты ыстық күтіледі.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 24 шілдеде күндіз Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады, облыстың батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24-25 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде 44 градус қатты ыстық күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады. 25 шілдеде күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 25 шілдеде күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25-27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 44 градус қатты ыстық күтіледі.

Аптап ыстыққа қатысты, Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді. Сонымен бірге:

- ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;

- аптап ыстықта кез келген дене еңбегінен бас тартыңыз;

- күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;

- күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) киіңіз.

Сонымен қатар:

«Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз. Сондай-ақ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралы сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.