Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір заң жобасын сапалы дайындау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір заң жобасын сапалы дайындау керек
Egemen.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«7-ші шақырылымдағы Парламент өзінің бірінші сессиясында 63 заң қабылдады. Қос палата бірлесіп, елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптастырды. Бүгін Парламенттің кезекті сессиясы басталмақ. Алдымызда көптеген маңызды міндет тұр. Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек. Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер», -  деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажеттігін баса айтты.

«Осы жауапты жұмыста сіздерге сәттілік тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.