Қасым-Жомарт Тоқаев: Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қайта қарау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қайта қарау керек
factum.kz

Қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерлерге әрекет ету жеделдігін арттыру – мемлекеттің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Ауғанстандағы жағдай және жалпы жаһандық шиеленістің өсуі біздің алдымызға қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен әскери доктринаны қайта қарау міндетін қояды. Біз сыртқы күйзелістерге және жаһандағы оқиғалардың ең нашар сценарийіне дайындалуымыз керек. Сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу өте өзекті мәселеге айналды. Осы орайда «Стресс-тестер жүргізіп, мемлекеттік аппараттың іс-әрекеттері әзірленетін және түзетілетін сценарийлерді пысықтау қажет», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.