Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.