Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан басшысы Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, Парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.