Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Ресейде жаңаратын энергетиканы дамытуда зор әлеует бар 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Ресейде жаңаратын энергетиканы дамытуда зор әлеует бар 
www.inform.kz

Қазақстан мен Ресей арасында жасыл экономика саласында белсенді ынтымақтастық бар. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазақстан мен Ресей арасында жасыл экономика салысында белсенді ынтымақтастық жүріп жатыр. Осы орайда елдердің жаңаратын әрі баламалы энергетиканы дамыту үшін зор әлеуеті бар. 2030 жылға қарай Қазақстан жаңаратын энергия көздерін елдің энергия балансында қазіргі 3 пайыздан 15 пайызға дейін арттырады. Ол үшін инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз», - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміз жел энергиясының жоғары әлеуетіне ие екенін атап өтті. Мұнымен қоса, біздің ел «жасыл» сутегінің жоғары экспорттық әлеуеті бар 8 елдің қатарына еніп отыр.

«Баламалы энергетика саласында жобаларды жүзеге асыру өндірістік әрі ғылыми инфрақұрылымды құруды, жоғары білікті кадрлардың болуын талап ететіні айқын. Сондықтан біз энергетикалық салада жоғары технологиялық инновациялар бойынша құзырет орталығын құрып жатырмыз», - деді Мемлекет басшысы.