Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына барды
Сурет: Facebook.com

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды», - деп жазды Берік Уәли.