Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді. 

Қос мемлекеттің басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті.