Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Әміреевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Әміреевті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президентінің Ыстанбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысымен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысына Түркі кеңесінің алдағы саммитіне дайындық барысы, оның ішінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және жоғары деңгейдегі кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен кеңесінің қорытындысы туралы айтты.

Президент саммитке дайындық жұмыстарының барысы көңілден шығатынын атап өтіп, Түркі кеңесін одан әрі дамыту жөнінде маңызды ұсыныстар берді.