Тоқаев іс сапармен Ашхабадқа келді

Тоқаев іс сапармен Ашхабадқа келді
Cурет: Президенттің баспасөз қызметі

Күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер қаралады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа келді. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. 

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.