Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы он жылда энергия тапшылығына тап болуымыз мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы он жылда энергия тапшылығына тап болуымыз мүмкін
madenergy.ru

2060 жылға қарай еліміз көміртегі энергиясынан толық бас тартады. Алдағы он жылда жалпы энергия тапшылығына тап болуымыз мүмкін. Сондықтан Мемлекет басшысы қазірдің өзінде жаңартылатын энергия көздерінен бөлек, энергияның тың түрлерін игеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның тапсырмасына сай, Үкімет алдағы бір жылда бейбіт атом мәселесін жүйелі қарайтын болады. Елде атом инженерлері даярланады.

«2030 жылы елімізде электр энергиясының тапшылығы сезілетін болады. Әлемдік тәжірибе аса тиімді жолды көрсетіп отыр. Бұл - бейбіт атом мәселесі. Үкімет пен «Самұрық қазына» қоры жыл көлемінде осы шешімді жан-жақты талдауы керек. Елдегі қауіпсіз әрі бейбіт атом энергетикасы мен сутегі энергетикасына көшу жайы жүйелі түрде қаралуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.