Қасым-Жомарт Тоқаев: Алауыздыққа жол бергендер жауапқа тартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алауыздыққа жол бергендер жауапқа тартылады
thenextweb.com

Тіліне, ұлтына нәсіліне қарап, кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бергендер заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы. Қазір Қазақстан мүлдем жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес, қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген сын-қатер пайда болып жатқан кезде, біз бағдарымызды бекемдеп, көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет. "Бірлігіміз – әр алуандықта" деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді».

Мемлекет басшысы қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау керектігін айтты.

«Қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Тіліне, ұлтына нәсіліне қарап, кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз. Заң бойынша жауапқа тартамыз».