Қасым-Жомарт Тоқаев 9 күнде 26 Жарлыққа қол қойған

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 күнде 26 Жарлыққа қол қойған

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айутынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 күнде 26 Жарлыққа қол қойған. Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жаңа жыл басталғалы 9 күн болды ғой. Осы 9 күннің ішінде Президент барлығы 26 Жарлыққа қол қойған екен, оның 5-еуі тағайындау туралы. Сондай-ақ 9 Өкімге қол қойған, оның тағы да 5-еуі тағайындау туралы. Сонда 10 тағайындауға қол қойған. Сондай-ақ 3 қаңтар күні 3 твит қалдырды, 4 қаңтар күні 4 твит жазып, халықпен байланысып, тікелей жолдап отырды», - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, мұның бәрі үлкен жұмыс.

«Жалпы, мұның бәрі үлкен жұмыстар. Бұл жерде ресми сайтқа шыққан ақпараттарды ғана айтып отырмын. Оның сыртында қаншама тиісті органдар есеп беріп жатыр. Әкімдердің есебін алып жатыр. Былайша айтқанда, ешқандай уақыт жоқ. Бүкіл елдегі ахуалды тамыршыдай дөп басып, бақылап отыр», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.