Қасым-Жомарт Тоқаев: 1-сыныптағы балалар саны 25-тен аспауы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: 1-сыныптағы балалар саны 25-тен аспауы керек
m.azh.kz

1-сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауы керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

«Тағы бір мәселе бар. Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі 1-сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Сонымен қатар мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын. Мектептің жалпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуға тиіс. Мектеп 2,5 мың балаға арналса, соған орай инфрақұрылым да болуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, мектепте спорт залы, асхана, зертхана және оқу кабинеттері болуға тиіс.

«Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.