Қашықтан құрбандық шалу шариғат заңдарына да сәйкес келеді

Қашықтан құрбандық шалу шариғат заңдарына да сәйкес келеді
Сурет: Muftiyat.kz

Алматыда онлайн Құрбан айт аясында 800 мұқтаж отбасына қолдау көрсетілді.

Бүгін қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтуде. Алматыда коронавирустық инфекцияның өршуін ескере отырып, барлық іс-шаралар онлайн режимінде өткізіледі. Қала тұрғындары құрбандық шалуды онлайн режимде qurban2021.kz веб-сайтына өтініш бере отырып, жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
 
Сайт арқылы мұсылман қауым қашықтан құрбандық шалып, мұқтаж жандарға бөліп бере алады. Бүгінгі күнге дейін алматылықтар онлайн-құрбандық шалуға 300-ден астам өтініш жіберді.

Өтініштер 22 шілде күнгі сағат 14.00-ге дейін қабылданады. Алатау ауданы Бекет Ата мешітінің бас имамы Мәди Ахметов Алматы тұрғындарына арнап сөз сөйлеп, құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізу шариғат заңдарына сәйкес келетіндігін атап өтті. 

«Шариғат заңдары бойынша, мұсылман басқа мұсылманға оның атынан бір нәрсе жасауға, оның ішінде құрбандық шалуға рұқсат беруге құқылы. Бірде пайғамбар Хакім ибн Хизамға өзінің атынан құрбандық шалуды бұйырды. Осы жағдайдан құрбандық шалуды уәкілетті адам арқылы жасауға болатыны түсінікті », - дейді Бекет ата мешітінің бас имамы. 

Алматы қаласы аумағында инфекцияның алдын алу үшін 19-22 шілде аралығында мал сою цехтары мен базарларының жұмысы (соның ішінде тірі түрінде), сонымен қатар мал сою, тірі малды автокөліктерден және жеке үй шаруашылықтарынан сатуға тыйым салынады, онлайн-құрбандыққа мал Алматы қаласы орталық мешітінен белгіленеді. 

Онлайн өтініштер орындалғаннан кейін, өтініш берген 800-ге жуық мұқтаж отбасыларына құрбандыққа шалынатын малдың еті беріледі. 20 шілдедегі сағат 10-нан бастап 50-ге жуық ұсақ мал құрбандыққа шалынып, 225 отбасыға ет таратылды. Барлығы 800 адам құрбандықтың етін алуды сұрады. Онлайн құрбандықтың бір бөлігі ретінде құрбандыққа шалынатын малдың етін мұқтаждарға үлестіру кезінде тез бұзылатын өнімді тасымалдау мен сақтаудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелері талаптарының сақталуы толығымен қамтамасыз етіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, мұсылмандардың мейрамы Құрбан айт Ораза айт мерекесі аяқталғаннан кейінгі 70-ші күнге сәйкес келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеу жыл сайын 10 күндік айырмашылықпен өзгереді. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «Құрбандық шалу мерекесі» дегенді білдіреді.