Қаржы пирамидасын құрған алаяқ қамауға алынды

Қаржы пирамидасын құрған алаяқ қамауға алынды
Сурет: Аtn.ua

Алматы полициясы қаржы пирамидасы алаяқтарының жолын кесті

Алматыда ірі қаржы пирамидасын құрған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігі сайтының дерегі бойынша, ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша ASTEX.KZ  ЖШС, ACD technology  ЖШС, MUDARABAH CAPITAL  ЖШС және MUSHARAKAH CAPITAL  ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде, Алматы қаласының полициясы ACD Tehnology негізін қалаушы, 1971 жылы туған М. есімді азаматтың ұсталғандығын хабарлады.

Бұл жөнінде Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов айтты.

«Бұрын хабарланғандай, басты тұлға – К. есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді азаматша мен М. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері жүргізуде. Жоғарыда аталған ЖШС қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24», – деді Рүстем Әбдрахманов.