Қаржы білім гранты иесіне тікелей берілуге тиіс

Қаржы білім гранты иесіне тікелей берілуге тиіс
Inform.kz

Мемлекеттік білім грантының қаражаты студенттің есепшотына түсуі тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..

Келесі мәселе мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен 4 млн теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс. Яғни, студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнаулы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек. Бұл тәсіл жоғары және жоғары оқуынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестіті арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы керектігін баса айтты.