Қарағандыда теннистен жарыс өтпек

Қарағандыда теннистен жарыс өтпек
Сурет: Zakon.kz

Жақында тенистен дүбірлі дода шымылдығын түрмек

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Қарағанды қаласында әйелдер арасында алғаш рет екі ITF W25 турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жалпы жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары. Жарыстар Қарағандыда өткен жылдың күзінен жұмыс жасай бастаған жаңа теннис орталығында 18-24 және 25-31 қазан аралығында болады.

Жекелей сында Қазақстаннан Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко бақ сынайды. Сонымен қатар бірнеше жас теннисші ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алмақшы.

Додаға ресейліктер - әлемнің 133-інші және 195-ракеткалары Виталия Дьяченко мен Мария Мельникова, сондай-ақ Беларусь өкілі Юлия Готовко, нидерландылық Сюзан Ламенс қатысады.

Аталмыш теннис орталығы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Онда 11 корт (жетеуі жабық) орналасқан.