Қарағанды облысының 149 ауылында сайлау өтіп жатыр

Қарағанды облысының 149 ауылында сайлау өтіп жатыр
Сурет: ашық интернет көздерінен

Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау 13 ауылда, 17 кентте және 45 ауылдық округте жалпы, 149 сайлау учаскесінде өтуде.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәдина Апиеваның айтуынша, ауыл әкімі болуға 303 кандидат ұсынылып, 257 кандидат тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгінгі таңда сайлаушылар тізімінде 80 мыңнан астам азамат бар. Сайлау комиссияларының құрамында 952 мүше тіркелген.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында, сондай-ақ облыстық сайлау комиссиясының сайтында, «сайлау» бөлімінде ұсынылған және ол әрбір екі сағат сайын жаңартылып отырады.