Қараша келген шақтарда...

Қараша келген шақтарда...
Сурет: Almaty.tv

Қазақстанның біраз өңірінде  күн суытады.

Тек Қазақстанның батысы ғана жауын-шашынсыз болады деп болжанды, , деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі — жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі — солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады», -делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.