Қара кофе - бауыр үшін ең пайдалы өнім

Қара кофе - бауыр үшін ең пайдалы өнім
Сурет: Coffeemag.ru

Диетолог кофенің қандай пайдасы барын айтты

Диетолог Д'Анджело бауыр үшін ең пайдалы сусын ретінде кофені атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Көптеген зерттеулер жүргізілді, олардың барысында кофені тұтыну бауыр циррозы қаупін төмендетуге көмектесетіні, сондай-ақ, бауырды май басу ауруынан қорғайтынын белгілі болды», - деп келтіріпті сарапшының сөзін Eat This, Not That! басылымы.

Маман кофенің пайдасын майдың жиналуын азайтуға және  зиянды бос радикалдардың белсенділігін бейтараптандыруға және орган жасушаларына зақым келтіруге жол бермейтін бауырдағы антиоксиданттардың мөлшерін көбейтуге,дігімен түсіндірді. Қара кофе бауырдың тыртықтануын болдырмауға көмектеседі.

Кофенің пайдалы қасиеттерін сақтау үшін диетолог оны құр өзін, яғни қантсыз, сүтсіз немесе майлы кілегейсіз ішуге кеңес береді.