Қанаттың жекпе-жегіне аз күн қалды

Қанаттың жекпе-жегіне аз күн қалды
Сурет: 4-bilik.kz

Бұйырса, 22 күннен соң кездесу сәтіне куә боламыз.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) шаршы алаңға 21 қаңтарда шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Қанат Ислам Флорида штаты Плант-Сити қаласында өтетін Probox Promotions бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болады.

Бокс ардагерлері кіші Рой Джонс, Антонио Тарвер және Поли Малиньяджи рингсайдта кеш туралы пікір өрбітеді.

Айта кетейік, Қанат Ислам алдыңғы жекпе-жегін 2021 жылы ақпанда өткізді. Онда отандасымыз эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.