Полиция халыққа етене жақын болуы керек

 Полиция халыққа етене жақын болуы керек
almaty.tv

Бұл - алып шаһардың бас полицейінің сөзі.


Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Даниярұлы Таймерденов Алматы телеарнасындағы AKIMAT LIVE бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бас полицей бүгінде сервистік полиция ұғымының  кеңірек танылып келе жатқанын атап өтіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауында тұжырымдалған тәртіп сақшыларының атқарар рөлі мен қызметіне жан-жақты тоқталды.

«Полиция халыққа етене жақын болуы керек.  Департамент қызметкерлерінің әлеуметтік желіде  500-ге тарта парақшасы жұмыс істейді. Полиция департаментінің басшылығы мен бөлімдері қалалық КСК-нің топтық чаттарында тіркелген. Нәтижесінде қала тұрғындарының өтініштері едәуір азайған», – деді Қанат Таймерденов.

 «Егер бұрындары күніне 12-13 мың сауал қабылдасақ, ал қазір 5-6 мыңға дейін қысқарған. Біз Алматы әкімдігімен бірге үш жылдық жоспарды бекіттік. Осы жоспарға сәйкес, қалалық полиция қызметкерлеріне әлеуметтік жағдай жасау қарастырылған. Дәлірек айтсақ, Алматы қаласының учаскелік полиция бөлімшелері үшін 29 үй сатып алу жоспарланған. Биыл тоғыз пункт ашуды көздеп отырмыз. Олар Жетісу, Түрксіб, Наурызбай және Алатау аудандарында пайда болады», – деді спикер.