Қамшыбек Қоңқабаев қатысатын Алматыдағы бокс кешінің толық карды жарияланды

Қамшыбек Қоңқабаев қатысатын Алматыдағы бокс кешінің толық карды жарияланды
Сурет: Рrosports.kz

Жұдырықтасудың көкесі болғалы тұр

11 желтоқсанда Алматыда MTK Kazakhstan мен MTK Global ұйымдастыратын кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шоудың басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) мен британдық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) кездеседі. Былғары қолғап шеберлері бос тұрған WBA Gold титулына таласады.

Сонымен қатар, шаршы алаңға Сұлтан Зауырбек (11-0, 7 КО), Талғат Шәйкен (6-0, 4 КО), Рай Сейітжанов (8-0, 5 КО) шығады.