Қалмұханбет Қасымов қызметтен кетті

Қалмұханбет Қасымов қызметтен кетті
Сурет: Facebook.com

Мемлекет басшысы оған сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді»,– деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында. 

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді.