Қаламызда екпе салдырғандар саны 10 мыңға жуықтады

Қаламызда екпе салдырғандар саны 10 мыңға жуықтады
Сурет: Dw.com

1 ақпан мен 23 маусым аралығында қалада барлығы 407 974 адамға екпе салынған.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Алматы қаласында бір тәулікте 9 449 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Басқарма таратқан мәлімет бойынша, 24 маусым күні 9 449 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 маусым аралығында қалада барлығы 407 974 адамға екпе салынды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 59 590. Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. «Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 55 572 дозасы және екінші компоненттің 92 346 дозасы бар», - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.