Қаладағы ағаш өңдейтін цехтен өрт шықты

Қаладағы ағаш өңдейтін цехтен өрт шықты
Сурет: Inform.kz

Өрт қауіпсіздігі шараларына сақ болайық!

Алматыда ағаш өңдейтін цехтардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚазАқпараттың хабалауынша, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өрт Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 348/3 мекенжайында орналасқан ағаш цехынан шықты.

«Өрт сөндірушілер 6 минутта келді. Ол кезде бір қабатты ағаш цехының (бояу бөлімі) төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің таралуы жапсарлас орналасқан ғимараттың төбесіне қауіп төндірді. Өртті сөндіруге 11 техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 16 минутта ауыздықталды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жедел атқарылған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер тауар-материалдық құндылықтарын өрттен аман алып қалған.