Қалада қар тазалау жұмыстары қызу жүргізілуде

Қалада қар тазалау жұмыстары қызу жүргізілуде
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында 2021 жылғы 18 қарашада қар тазалау бойынша ақпарат

Алматы қаласының Тұрғын үй  саясаты басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 17 қараша күні сағат 14.40-та Алматы қаласында қардың жауғаны басталып, 18 қараша күні сағат 03.00-де аяқталды.


Таулы аудандарға 22 см-ге дейін, тау бөктеріне 12-17 см, қалаға 7-9 см қар түсті, деп хабарлайды Almaty-ashamy.kz

Қар жауа салысымен 191 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде.

2 400 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Қарды сыпыру, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың жоғарғы бөлігінде полицияның патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылған. Сағат 21.00-ден бастап қар шығарылуда. 297 текше метр қар шығарылды.

Түнгі уақытта 491 арнайы техника  бірлігі, оның ішінде 183 құмшашқыш және 423 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

18 қараша күні таңертең 554 арнайы техника мен 1500-ге жуық жол жұмысшысын шығару жоспарланған.

Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша ертең 19 қарашада аздаған жауын-шашын сақталады. Ауа температурасы күндіз 18 қараша – 0, минус 2.