Қалада «Қазқұтқару-2021» халықаралық жарысы өтуде

Қалада «Қазқұтқару-2021» халықаралық жарысы  өтуде
Сурет: Egemen.kz

Іздестіру-құтқару, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру және жедел құтқару жасақтары арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау

Алматы облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ құтқару бөлімшелері және ҚР азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің әскери қызметші-құтқарушылары қатысып жатыр.

Жарыс 3 қашықтықты, атап айтқанда «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы, «Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығы, «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы қамтиды.

Бірінші күні қатысушылар «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтар мен «Кросс» және «Кешенді күштік жаттығулар» әскери-құтқару үшсайысы бойынша сыннан өтеді.

Жарыстар 23-27 қыркүйек аралығында өтеді.