Қалада коронавирус жұқтырған 56 бала емделіп жатыр

Қалада коронавирус жұқтырған 56 бала емделіп жатыр
Сурет: Rbc.ru

Алматыда коронавирус жұқтырған 1477 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"7 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 423 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 394, симптомсыз – 29 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 158, келіп түскені – 157 «Инфекциялық стационарларда 1 477 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 179), оның ішінде 56 бала емделіп жатыр", – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 170 адам жатыр. Ал 32 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 81 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 46 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 433 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 294 науқас.

139 адамда коронавирус белгілері жоқ.